Атырау облысы, Құрманғазы ауданында137 дана заңсыз киік мүйіздері тәркіленді.
24 наурыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1990 ж.т. аудан тұрғынының мекен-жайын тексеру барысында жер астына көмілген 137 дана киік мүйіздері және 1 дана қол арасын анықтап, тәркілеген. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.