Жылыойда 5-7 сәуір аралығында қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды.
Атырау облысы Құлсары қаласында қалаішілік 12 бағыт бойынша 33 автобус болса, ауыларалық 6 бағыт бойынша 6 автобус бар. Жолақысы қала ішінде 50 теңге болса, ауылдық округтерге 150-330 теңге аралығында.
-6 сәуір — «Теңізшевройл» мекемесінің құрылғанына 30 жыл толады. Осыған байланысты мерейтой қарсаңында «Теңізшевройл» мекемесінің ұйымдастыруымен 5, 6, 7 сәуір күндері Құлсары қалаішілік және кент, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды,- деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ержан Хайноллаев.
Айта кетейік, Жылыой ауданында халық саны 86209 болса, Құлсары қаласында 65810 тұрғын бар.