Атырауда оқушылар мен студенттер түстен кейін онлайн оқиды.
Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 3 сәуірде оқушылар мен студенттер қашықтан білім алады. Мұндай шешім қабылдауға Каспий жағалауындағы қамыстың жағымсыз иісі себеп болған. Қазір Атырау қаласында түтіннің өткір иісі сезіліп тұр.
«Бүгін, 3 сәуірде Атырау қаласында түтіннің иісі шығуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан білім алады. Қосымша ақпарат кейін хабарланады», -деп мәлім етті білім басқармасының баспасөз қызметі.