Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атырау облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясы өтті

Сессия жұмысына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманақұмовтың айтуынша, 19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша Атырау облыстық мәслихатының депутаттары болып тіркелді:
— «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша:
Абілкарес Жеңіс Абілкаресұлы;
Амантурлин Жанай Ислямгалиевич;
Амиргалиева Айгуль Маулышарифовна;
Ерекешов Айбар Аскарович;
Идресов Абдолла Хамиевич;
Космурзиева Гульназ Максутовна;
Сапарова Эльмира Карифуллаевна;
Тулеева Фатима Набидуллаевна;
Тулина Надежда Николаевна;
Хайруллин Жасулан Ерсаинович.
— «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша:
Арыстан Қадыржан Бақтығалиұлы;
— «Партия Respublica» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша:
Касенов Серик Беркингалиевич;
— «Байтақ» қазақстандық Жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша:
Каметов Бакыт Хабидуллаевич;

— «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының партиялық тізімі бойынша:
Шин Константин Алексеевич;
Юсупов Ермеккалий Тулепкалиевич.
— бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша:
Семгалиев Алибек Аманжанович;
Даралиев Нурлыбек Нурболович;
Магзомов Кадырбек Тлегенович;
Хайруллин Арман Габидуллаевич;
Хайруллиев Мұса Қарашаұлы;
Кертаев Казбек Муханбетович;
Карабаева Айжан Сарсеновна;
Сарсембаев Сырымбек Жаксыбекович;
Балжигитов Сейтжан Капанович;
Идрисов Саламат Нурмуханович;
Кайрденов Нурлан Саматович;
Карсакова Замзагуль Ундасиновна;
Баймуратов Кайырбек Багитжанович;
Исмагулов Куаныш Жанашевич;
Кенжеғалиев Еркебұлан Мусаұлы.

Сессия барысында облыстық мәслихаттың 30 депутатының 17-сі қайта сайланғаны айтылды. Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Айманақұмов облыстық мәслихаттың жаңа құрамының орташа жасы — 45 жас екенін айтты. Оның ішінде 23 ер адам және 7 әйел бар. Олар азаматтық қоғамның алты өкілі, үш журналист, тоғыз кәсіпкер, білім және спорт саласының үш қызметкері, төрт фермер, үш өндіріс қызметкері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы мен мемлекеттік органның бір өкілі.
Халық қалаулылары алғашқы жұмыс сессиясында мәслихат хатшысын сайлады. Депутат Сырымбек Сәрсембаев бұл лауазымға Мұса Хайруллиевтің кандидатурасын ұсынды. Оның ұсынысы бірауыздан қолдау тапты. Содан кейін депутаттар төрт тұрақты комиссияның құрамын бекітті.
Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясының отырысына қатысқан Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов мәслихаттың бұрынғы құрамының жұмысын атап өтіп, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста атқарған жұмыстары үшін ұжымға алғысын білдірді. Өңір басшысы мәслихаттың жаңа құрамына ел игілігі жолында жемісті еңбек тілеп, сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті еске салды.

-Депутаттық мандат — халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Баршаңызға сайлаушыларыңыздың барлық талап-тілегін абыроймен және жауапкершілікпен орындауларыңызды тілеймін. Мәслихат пен әкімдіктің ортақ мақсаты – халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсарту. Жергілікті билік органдары сіздермен бірге қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге дайын, — деп атап өтті С.Шәпкенов.

Back to top button