Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстық мәслихаттың бір мандатты аумақтық округтері бойынша депутаттарды сайлаудың қорытындысы шықты.
«Сайлаушылар тізіміне 412 382 адам енгізілді. 19 наурыздағы сайлауда дауыс беруге 204 097 сайлаушы қатысты. Облыстық мәслихаттың бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың жалпы саны – 39», — деп хабарлады облыстық сайлау комиссиясынан.
Сайлау қорытындысымен
№1 сайлау округінен Әлібек Семғалиев,
№2 сайлау округінен Нұрлыбек Даралиев,
№3 сайлау округінен Қадірбек Мағзомов,
№4 сайлау округінен Арман Хайруллин,
№5 сайлау округінен Муса Хайруллиев,
№6 сайлау округінен Қазбек Кертаев,
№7 сайлау округінен Айжан Қарабаева,
№8 сайлау округінен Сырыбек Сәрсембаев,
№9 сайлау округінен Сейітжан Балжігітов,
№10 сайлау округінен Саламат Идрисов,
№11 сайлау округінен Нұрлан Қайрденов,
№12 сайлау округінен Зәмзагүл Қарсақова,
№13 сайлау округінен Қайырбек Баймұратов,
№14 сайлау округінен Қуаныш Исмагулов,
№15 сайлау округінен Еркебұлан Кенжеғалиев депутат болып сайланған.
Сондай-ақ, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстық мәслихат сайлауына 6 саяси партия қатысқан. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінген:
«Amanat» партиясы – 121 201 немесе 59,94% дауыс, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 20 763 немесе 10,27% дауыс, «Respublica» партиясы – 18 109 немесе 8,96% дауыс, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 15 676 немесе 7,75% дауыс, «Байтақ» жасылдар партиясы – 10 573 немесе 5,23% дауыс, «Қазақстан халық партиясы» – 9 026 немесе 4,46% дауыс.
Ал, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар бюллетеньдер саны – 6 859.
«Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар мынадай етіп бөлінді. «Амаnat» партиясына 10, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 1, «Respublica» партиясына 1, «Байтақ» жасылдар партиясына 1, «Ақ жол» демократиялық партиясына 2 орын берілді», — деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясынан