Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраулық полицейлер трамадол тұтынған 6 тұрғынды анықтады

Әлеуметтік желіде әсері жоғары психотропты дәрі-дәрмектердің заңсыз айналымына және оларды тұтынуға қатысты наразылықтар туындаған болатын. Бұл бағыттағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев тұрғындар арызы бойынша мекен-жайларды тексерді. №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мекен-жай бойынша тексеру барысында Береке ықшам ауданында орналасқан 2 пәтер ішінен психотропты дәрі-дәрмек тұтынған 6 тұрғынды анықтады. Аталған 1991ж.т., 1992ж.т., 1993ж.т., 1995ж.т., 1995ж.т., 1998ж.т., тұрғындар сараптамаға жеткізіліп, іс-құжаттар жинақталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Back to top button