25 наурыз күні Атырау облысы Құрманғазы ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 1980 ж.т. аудан тұрғынының басқаруындағы Газель автокөлігіне тексеру кезінде жалпы салмағы 417 кг құрайтын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Құрманғазы ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПІК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп
есептеледі.