Бұл туралы 27 наурызда Іnstagram әлеуметтік желісінде видео тарады. Желі қолданушылары аталған оқиға орай түрлі пікір қалдырды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, патрульдік полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты 1986, 1993, 1994 және 2000 жылғы 4 ер адам ұсталды. Олардың арасындағы отбасылық жанжал өзара келіспеушіліктен туындағаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Ұсталған 4 ер адам Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізілген.