Қостанай облысында «Торғай — Шилі — Аралкөл» тасжолының учаскесін еріген қар суы басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«26 наурыз күні «Торғай — Шилі — Аралкөл» автожолы қозғалыс үшін жабылды. Жолдың 108-шақырымын еріген қар су басып қалды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ», — деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Аталған жерде полиция бөлімінің қызметкерлері, бір техника мен бір құтқарушы кезекшілік етуде.