Астана қаласында ҚР жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының II қысқы чемпионаты өтті. Аталған спорттық додада 35 жастан асқан желаяқтар бақ сынады. Атырау облысының WesternRunners командасы жүлделі 1 орын алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Атырау облысынан жалпы бес спортшымыз қатысты. Бұған дейін екі спортшымыз ашық кешенде чемпион атанған болатын. Бүгінде жабық кешенде чемпион атанып отыр. Бұл еткен еңбек пен төккен тердің жемісі,- деді аға-жаттықтырушы Нұролла Мамбетов.
Жарыс нәтижесінде Елдос Қуандықов 1500 метрге жүрігуде алтын, 3000 метрлік сайыста алтын және ұзындыққа секіруден қола жүлде жеңіп алды. Еркебұлан Аташев 800 метрге жүрігуде алтын және 1500 метр бойынша күміс жүлделерге ие болды. Ал Саламат Сатеков 3000 метрде, Бақыт Ерденбекова 3000 метрде және А.Кулсариев ұзындыққа секіруден күміс медаль иегерлері атанды.