
Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 4,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Түркияның Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 18:40-та тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Түркоғлы аймағында орналасқан.