Дүбірлі додада еліміздің 13 өңірінен келген 200-ден астам гимнастшы қыздар жекелей және топтық бағдарламалар бойынша бақ сынауда. Көркем қимылмен, ерекше киінген қыздар өнерлерін ортаға салып, көрерменге гимнастиканың түрлі қимыл-әдісін көрсетті. Оларға еліміздің білікті жаттықтырушылары төрелік етті.
— Жарыста қыздар екі бағдаралама бойынша бақ сынауда. Осы кубогтен кейін Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатына қатысамыз. Қазіргі уақытта топтық бағдарламада 1 разряд бойынша оқушыларым 3-орын алды, деді аға-жаттықтырушы Көклан Егеубаева.
Айта кетейік, бүгінде Атырау облысының көркем гимнастикасына 20 жыл. Аталған спорт түрімен облыста 500-ден астам тұрғын айналысады.