Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСаясат

Атыраулықтардың 50 пайыздан астамы дауыс берді

Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы бойынша 269 сайлау учаскесі құрылса, оның 11-і жабық учаскелер.  Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Облыста 9 ауруханада, 1 әскери бөлім мен уақытша қамау орнында жабық учаске құрылды. Әскери бөлімде сайлаушылар таңғы сағат 6:00-ден бастап өз таңдауларын жасаса, қалған жабық учаскелер 7:00-де бастады. Ал қазір ол учаскелерде дауыс беру аяқталып, санау жүріп жатыр- деді А.Айманакумов.

Оның айтуы бойынша,  саяси науқанның ашық өтуі үшін жергілікті және халықаралық байқаушылар жұмыс істеген. Халықаралық байқаушы ретінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымнан 14 өкіл келген.

Айта кетейік,  облыс бойынша аталған сайлауда ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

Back to top button