Атырауда 23 жасқа дейінгі ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІV тур ойындары өтуде, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дүбірлі додаға 8 команда қатысуда. Олар:«Еслік СК-2»,«Тараз-2», «Жайық-2», «Алтай-2», «Буревестник-2», «Ұшқын Көкшетау-2», «Павлодар-2» және «Атырау-2» командалары. Алдыңғы үш тур ойындарының қорытындысы бойынша «Атырау» командасы 49 ұпаймен жалпы есепте екінші орында келеді.
— Қазіргі ел чемпионаты 5 кезеңнен тұрады. Ойыншыларымыздың көрсеткіштері жаман емес. Сәуір айының 10-19 аралығында тағы бір ойынымыз Тараз қаласында өтеді. Сол жерде кіл мықтылар анықталады,- деді клубтың құрылтайшысы, облыстық волейбол федерациясының директоры Ғабиден Қайыржанов.
Аталған спорттық дода 23 наурызға дейін жалғасады. Келем деушілерге «Нұрсая» спорт кешеніне кіру тегін.