Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде жасырын казино жұмысын жүргізген адамдар тобын анықтады.
«Тінту жүргізіліп, ойын фишкалары, карталар 3300 АҚШ доллары, 957 000 теңге және басқа да заттар тәркіленді. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қатысты тұлғалар және куәлардан жауап алынды», — деп жазды ведомстводан.