
Қазақстандықтар 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс пен маслихат сайлауында тіркеуде бар-жоғына қарамастан, дауыс бере алады. Өйткені, олар өз аумағындағы учаскелерге бір күнге тіркеуге алынады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан мәлім етті.
«Еліміз бойынша 4 мың сайлау учаскесі азаматтарды қабылдайды. Олардың ішінде 188 учаскеде ХҚО қызметкерлері жұмыс істейді. Мамандар сайлау учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркелмеген азаматтарға дауыс беру мүмкіндігін ұсыну үшін бір күндік тіркеуге тұрғызады», — делінген корпорацияның ресми сайтында жарияланған хабарламада.