Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Бұрынғы әлем чемпионы Дэнни Гарсия Головкинді рингке шақырды

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэнни Гарсия қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірақ, алдымен Гарсия орта салмақтағы WBA әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лараны жеңуі тиіс.
«Содан кейін (Ларамен айқастан кейін) ең үлкен жекпе-жек өткізгім келеді. Осы айқастан кейін орта салмақтағы чемпион атанамын. Мүмкіндігінше ең үлкен айқаста жұдырықтасатын боламын.
(Эррол) Спенспен матч-реванш өткіземін, «Канело», GGG (Геннадий Головкин), бәрімен айқасамын. Ең үлкен кездесулер осы жекпе-жектен кейін өткенін қалаймын», — деді Гарсия YSM Sports Media-ға.

Back to top button