Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Шығыс Қазақстанда таудан 5 мәрте қар көшкіні түсірілді

Шығыс Қазақстан облысында таудан 5 қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде күн райы күрт жылытып, жел жылдамдығы күшейді.

Соған байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі барынша артқан.

«Бүгін құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» мекемесі ШҚ филиалының мамандары бірлесіп, «Өскемен-Алтай» тасжолында профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсіру жұмыстарын жүргізді. Жол бойындағы тау бөктерінде бірнеше жарылыс жасалып, барлығы 5 көшкін түсірілді», — делінген ақпаратта.

Нәтижесінде, түсірілген қардың жалпы көлемі – 23 700 текше метрді құрады. Қар жолды толықтай жауып қалды. Бірден жолды тазалау жұмыстары қолға алынған.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына әзірге таулы жерлерге бармау қажеттігін ескертті.

Back to top button