Қызылқоға ауданында Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдарымен және жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерімен бірлесіп еріген қар суын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
10 наурыз күні (жергілікті уақыт) Қызылқоға ауданы Миялы және Жангелдин ауылдарынан көшелерде жиналған 18 000 текше метр болатын еріген қар суы (2023 жылғы 6-10 наурыз аралығында) шығарылған.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 15 қызметкер, 3 бірлік техника мен 1 бірлік мотопомпа, Жергілікті атқарушы органның 40 қызметкері және 9 бірлік техника, 5 мотопомпа жұмылдырылды.
Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасады.