Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Батпаққа батқан бала құтқарылды

Атырау қаласы, Самал ықшам ауданында көшелердің бірінің бойында батпақты жерге 1 бала батып, өздігінен шыға алмай тұрғаны туралы төтеншеліктерге шақырту түскен.

Атырау облысы ТЖД қызметкерлері дереу шақырту орнына жетіп, 2008 ж.т. жасөспірімнің жылқы малымен келе жатып, сай жерде батпаққа батқанын анықтады.

Құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау капитаны А. Құмар арнайы құтқару арқанының қөмегімен жасөспірімді батпақтан тартып шығарды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 6 қызметкер 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Back to top button