Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 10 наурыз күні Атырау қаласындағы «Элита» мейрамханасының тұсында белгісіз адам суға батып кеткен.
Шақырту орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел кезекші оқиға орнына жетіп, әйел адамның жолды қысқарту мақсатында мұз үстімен өтпен болып, кенеттен аяқ асты мұз ойылып, суға батып кеткенін анықтады.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 1979 ж.т. азаматша тез арада құтқарылып, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Және де облыстық ауруханаға жеткізді.
Жағдайы дәрігердердің бақылауында.