5 қазанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтіледі. Қаулыны Үкімет қабылдады.
«Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді», — делінген Үкімет сайтында.