Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, нәзік жандыларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
— Бізге Отанымыз, жеріміз, табиғатымыз қандай ыстық болса, анамыз да сондай ыстық. Ана деген сөзге ешбір жағымсыз сөздер жабыспайды. «Ана» дегенде есімізге махаббат пен мейірімділік келеді. Біз әжеміздің аялы алақанын, басымызды «айналайын» деп сипаған сөзін ешқашан ұмытпағанбыз. Қазақ халқы әрқашан Ананы құрметтей білген және оның алдында бас иіп өткен. Ертеңгі қоғам қандай болады десек, қазіргі аналарға қарап айтуға болады. Оның берген тәрбиесін мың мектеп те бере алмайды. Сондықтан осы аналарымыздың елімізге қосып жүрген еңбегі елеулі. Мен де осы сәтті пайдалана отырып, Аналарды шын жүректен құттықтап, басымды иемін,-деді С.Шәпкенов.
Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 27 қаңтардағы №117 және 15 ақпандағы №128 көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы Жарлығымен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін «Алтын алқамен»:
Толқын Атшыбай — мұғалім, Атырау қаласы;
Жансая Байдуллина — үй шаруасында, Махамбет ауданы;
Азина Губайдуллина — «Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ хатшысы, Құрманғазы ауданы;
Жаңылсын Өтешова — үй шаруаcында, Исатай ауданы.
Алты бала туып, тәрбиелегені үшін «Күміс алқамен»:
Батима Әлмұратова — бөбекжай тәрбиешісі, Жылыой ауданы;
Майра Дәуімова — орта мектептің мұғалімі, Индер ауданы;
Алтынай Жалжанова — «Қоныстану балалар өнер мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қызылқоға ауданы;
Сәуле Наурызбекова — үй шаруасында, Мақат ауданы;
Айнұр Халимова — Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдықкелісім коммуналдық мемекеттік мекемесінің этномәдени бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы, Атырау қаласы;
Ақбота Шұғайыпова — «№ 05720 әскери бөлімі» РММ әскери қызметкері, Атырау қаласы.
Сонымен қатар, қоғамның дамуына үлес қосқаны үшін 10 әйел облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.