Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда су басу қаупі сейілмей тұр

Бұл туралы Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2023 жылғы 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні нөсерлете жауған жаңбыр мен еріген қардың салдарынан Миялы ауылдық округінде судың деңгейі көтеріліп, ауылішілік су басу қаупі туындаған.

— Осыған байланысты Қызылқоға ауданы әкімдігі тарапынан жедел жұмыстар ұйымдастырылып, бірінші кезекте су басқан үйлерді құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Миялы ауылында 4 вакуум, 6 мотопомпа, 5 Камаз автокөлігі, 2 тиегіш техника және басқа да арнайы құралдар қалтқысыз қызмет етуде,- деді Қ.Әзмұханов.

Сондай-ақ оның айтуынша, Сағыз ауылының ішімен өтетін Ноғайты өзені өз арнасына толған. Оған да кеше және түнімен жауған жауын себеп болып отыр. Өзен жағалауын қалыпқа келтіру үшін 80-нен астам азамат жұмылдырылған. Қазіргі уақытта Ноғайты өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Ал Сағыз өзенінде ағыс бәсеңдеген.

Back to top button