Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

2500-ге жуық ақбөкен мүйіздерін тәркіледі

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері бірлесіп Атырау қаласы Береке ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру барысында жалпы салмағы 500 келіден асатын 2421 дана ақбөкен мүйіздерін анықтаған.

Қазіргі таңда 1991 ж.т., 1987 ж.т. және 1986 ж.т. күдіктілер анықталып, ұсталды. Келтірілген залал құны — 6 млрд 264 млн теңгеден астам.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339 — бабы 1 — бөлінімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Back to top button