Индонезияның шалғай аралдарының бірінде болған нөсер жауын мен көшкін салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат AFP-ға сілтеме жасап.
Елдің Риау провинциясының Натуна ауданында болған көшкіннен зардап шеккен ауылды табуға ауа райының қолайсыздығы мен байланыс желілерінің зақымдануы кедергі келтіріп отыр, деп хабарлады Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің (BNPB) шенеуніктері.
Шалғайдағы Серасан аралындағы жартастың жанындағы үйлерді лай мен қоқыс басты. 50 адам із-түзсіз жоғалып, 15 адам қаза тапты.
Индонезияның Борнео бөлігіндегі су тасқыны салдарынан 17 мыңнан астам үйді су басты. Малайзияда да толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеп соқты. Соңғы аптада елдің бірнеше штатында 4 адам қаза тауып, 41 мыңға жуық адам эвакуацияланды.