Ақша айырбастау орындарында доллар мен еуроның теңгеге шаққандағы бағамы күрт төмендеді.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыда доллар бағамын сату 436,05 теңге, сатып алу — 430,80 теңге. Еуроны сату бағамы — 464,29 теңге, сатып алу — 458,47 теңге. Ресей рублін 5,44 — 5,72 теңгеге сатып алуға болады.
Астананың айырбастау пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы — 434,15 теңге, сатып алу — 430,22 теңге, еуро — 462,52 теңгеге сатылса, сатып алу — 457,24 теңге.