Биыл жеке тұлғаларға берілген кредит саны ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
«Жеке тұлғаларға кредиттер 2023 жылғы қаңтарда 0,7%-ға ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуі ипотекалық кредиттеудің 0,8%-ға 4,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 0,6%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сәйкес банк секторы бойынша 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL90+) жалпы несие портфелінің 3,4%-ын немесе 824 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 1 қаңтарға – 3,4% немесе 815 млрд теңге)», — делінген Агенттік хабарламасында.