Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

80 жастағы әйел алаяққа алданып қалған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында 80 жастағы әйел алаяққа жем болды. Полицейлер қылмыскерді алысқа ұзатпай ұстап, зейнеткердің тырнақтап жиған 270 мың теңгесін қайтарып берген.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Тайынша ауданы Келлеровка ауылының 80 жастағы тұрғыны алаяққа алданып қалған.

Бейтаныс әйел оның үйіне кіріп, әңгімеге тартқан, сөз барысында зейнеткердің жиі ауыруы оның жасына байланысты емес, «дуалаудың» салдары екендігін сендірген.

Басыңдағы «дуаны» аламын деп, бірқатар мағынасыз әрекет жасағаннан кейін, алаяқ зейнеткердің жиған-терген ақшасын да «тазарту» керек деп айтқан.

Алаяқтың сөзінен күмәнданбаған әжей барлық ақшасын – шамамен 270 мың теңгені алып шыққан. Кейін ол қайтарған ақшасын қайта санап, азайып қалғанын білген. Дереу полицияға жүгінген.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері алаяқтың зейнеткерге алдын-ала дайындалған сувенирлік қағаз ақшаларды бергенін анықтады.

«Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде жедел уәкілдер қара түсті «Skoda Octavia» автомашинасын байқады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотталған Қостанай қаласының 50 жастағы тұрғыны ұсталды.

Back to top button