Биыл елімізде 494,1 мың тонна бензин өндірілді. Бұл өткен жылға қарағанда 20,6%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша ең көп бензин Шымкентте өндірілді. Аталған қалада 196,7 мың тонна, жыл ішінде 14,6%. Екінші орынға 155,1 мың тонна бензинмен Павлодар облысы жайғасса, үшін орынға 141,7 мың тонна бензин өндірісімен Атырау облысы орналасқан.
Биыл қаңтарда елімізде бензин шамалы арзандады (0,1%-ға), ал дизель отыны айтарлықтай қымбаттады (бір жылда бірден 15,7%-ға).
Дизель бағасының өсуі әсіресе Атырау облысының тұрғындарына әсер етті. Аталған өңірде жыл ішінде бірден 44,8%-ға қымбаттаған. СҚО (39,1%) және ШҚО-да (37%) баға айтарлықтай өсті. Маңғыстау, Қызылорда облысы және Алматыда дизель бағасы өткен жылғы деңгейде қалды. Ал Ұлытау облысында дизель отыны 2,8%-ға арзандады.