
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалқ станциялар желісі 1 наурыз күні Алматы уақытымен сағат 21.36-да жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы оңтүстік-шығысқа қарай Алматыдан 607 шақырым қашықтықта Қытай аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 9.4. MPV магнитудасы — 4.1. Тереңдігі — 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.