Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік күні өтті

№13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде бүкіләлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шара барасында құтқарушылар мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне құтқару техникасы мен құрылғылары көрсетіп, оларды қолдану жайында түсінік берді. Қызығушылық танытқандарға өрт сөндіру көлігіне отыруға, авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын көруге және естелік суретке түсуге мүмкіндік берілді.

— Бүгін 1 наурыз — бүкіләлемдік «Азаматтық қорғаныс» күніне орай ашық есік ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат — халықтың арасында азаматтық қорғаныс ұғымын түсіндіру және өрт-сөндірушілердің бір күндік өмірімен таныстыру. Іс-шара барысында құтқаруышлардың күн тәртібіне сай қызмет атқаруы, дауыл бойынша шығулары және оқу мұнарасының төртінші қабатынан құтқару тәсілдері кеңінен көрсетілді, деді Атырау қаласы №13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Расул Каримоллаев.

Айта кетейік, аталған іс-шараға колледж және мектептерден 70-тен астам оқушы қатысты.

Back to top button