Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Атырауда ерекше балалалар арасында облыстық іріктеу турнирі өтті

Атыраудағы Абай орталығында балалардағы церебералды паралич (БЦП) және тірек-қимыл мүшесі зақымданған, аутизм сияқты диагнозы бар балалар арасында боччадан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жарысқа 8-16 жас аралығындағы 20 спортшы қатысты. Жарыс екі ойыншының сайысқа түсуі арқылы өтті. Турнирге облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Мәмбетов қатысты. Басқарма басшысы өз сөзінде қай салада, қай жаста болсақ та еліміздің көк байрағын желбірету басты мақсатымыз екенін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ал, «Жан-Еркем-ай» қоғамдық қордың директоры әрі ұйымдастырушысы Алия Кубаева турнирдің маңызына тоқталды.

-Бочча паралимпиада ойындарының тізіміне енген спорт түрі. Бұл спорт түрі церебралды сал ауруға шалдыққан адамдарға арналған. Ойыншының барлығы қол арбада отырып ойнайды. Ойыншылар BC1, BC2, BC3, BC5, ВС7 класстарға бөлінеді. Ойын жекелей 1×1, жұптық 2×2, командалық 3×3 есепте өтеді. Қазіргі таңда облыста бочча секциясына 20-ға жуық адам қатысады. Секцияға балалар 6 жастан бастап қатыса алады. Балалар аптасына 5 рет жаттығады. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін бастысы — әр балаға жеке көзқарас табу. Аталған спорт түрі тактикалық дәлдікті қажет етеді. Спортшыларды төзімділікке, дәлдікке, икемділікке, қимыл-қозғалысты үйлестіру қасиеттерін шыңдайды,- деді А.Кубаева.

Бес сағатқа созылған ойын нәтижесінде, 1-орынды ВС1 санаты бойынша Аят Мамай, ВС2 санаты бойынша Жігер Нұрасыл, ВС3 санаты бойынша Мүслім Тұрмыс, ВС5 санаты бойынша Айсұлтан Дюсемалиев, ВС7 санаты бойынша Айназ Жексенбай иемденді.

Айта кетейік, жеңімпаз және жүлделі орынға ие болған спортшылар маусым айының 1-4 аралығында Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына және балалар паралимпиадалық ойындарының фестиваліне жолдама алды.

Back to top button