
28 ақпан күні Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат — Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.