2023 жылдан бастап шетелде өндірістік тағылымдамадан өтетін «Болашақ» стипендиаттарының еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға қысқарды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Стипендиаттар «Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies», әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда, БҰҰ-ның халықаралық ұйымдарында тағылымдамадан өте алады. Сондай-ақ докторанттарға алған мамандығы бойынша постдокторантурадан өту үшін еңбекпен өтеу мерзімі шегеріледі.
«Өзгертулердің арқасында «Болашақ» стипендиаттары шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуын аяқтағаннан кейін әлемдегі үздік халықаралық компанияларда жұмыс істей алады. Бұл оларға жетекші ұйымдарда тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді», — деді ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова