Атыраулық спортшы Нұрбек Кенжебай БАӘ-нің Фуджейра қаласында өткен WKF Karate 1 Youth League рейтингтік халықаралық турнирінде 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында 22-26 ақпан аралағында Karate Youth League турнирі өтті. Байрақты додаға әлемнің 67 елінен 1200 спортшы қатысты.
— Қазақстанның жастар құрама командасы U-21 командалық есепте 1 орынға ие болды. Үш алтын, бір күміс және үш қолаға қол жеткіздік. Бұл турнир қазан айында өтетін әлем жекпе-жек ойындарына іріктеуінің алғашқы жарысы болып саналады,- деді аға-жаттықтырушы Болат Ізбасханов.
Айта кетейік, бұдан бұрын Нұрбек Кенжебай Чехияның Кардубица қаласында өткен каратэден әлем чемпионатында әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.