Бір апта ішінде еліміздің аумағында 2 775 қылмыс жасалды. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
«Бір апта ішінде еліміздің аумағында 2 775 қылмыс жасалып, оның 1 681-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 44 тонау және 378 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар ол Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездескеніне тоқталды. Кездесу барысында өңірде 71 ұрлық, 1 мал ұрлығы, сондай-ақ жыл басынан бері бір ай ішінде 26 алаяқтық фактісі тіркелгені айтылған.