Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырауда мас күйінде рульге отыратын жүргізушілер көбейген

Атырау облысында биылғы екі айда мас күйде көлік жүргізген 8 адам сотталды. Оның 2-еуінің бас бостандығы шектеліп, 6-ауы бас бостандығынан айырылды.

Атырау облысы прокурорының орынбасары Нұржан Серікұлының айтуынша, көлікті мас күйде жүргізгендер жол қозғалысының барлық қатысушысына қауіп төндіреді.

«Көлікті мас күйінде жүгізгендерге қолданылатын жаза 2020 жыл басынан қатаңдатылды. Заңға енгізілген мұндай өзгеріс өз нәтиже берді. Бірақ, осындай деректер әлі толық жойылған жоқ. Мәселен, биылғы жылдың екі айында Атырау облысында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 және 346-бабымен 8 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның екеуінің бас бостандығы шектелді. Ал 6 жүргізуші бас бостандығынан айырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда құқық бұзушылық динамикасы 34% артты», — дейді Нұржан Серікұлы.

Back to top button