Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде қазақстандық спортшылар 5 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қуанышты жаңалық! Қазақстандық мергендер кезекті рет ең беделді халықаралық жарыста еліміздің намысын абыроймен қорғап, лайықты өнер көрсетті. Кувейтте өтіп жатқан стендтік атудан Азия Кубогінде біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды: 2 «алтын», 1 «күміс» және 2 «қола». Барлық жүлдені «скит» жаттығуында – дөңгелек стендте атудан жеңіп алды.
Шымкент қаласының мергені Ольга Панарина жекелей және Әсем Орынбай, Зоя Кравченко сынды спортшылардан жасақталған құрама командалық жарыста алтын алды.