Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Шекарадан заңсыз өтпек болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды

Жамбыл облысында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен тоғыз шетелдікті ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен Меркі аудандық ІІБ қызметкерлері бірлесіп, қазақ-қырғыз шекарасынан Қазақстан Республикасына заңсыз өтпек болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады.

Ұсталғандарға қатысты уәкілетті орган соталды тергеу амалдарын бастады.

Back to top button