Қазір зақстан шекарасында тырысқақ дертіне байланысты бақылау күшейтілген.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Әлемде тырысқақ ауруы асқынып барады. Бұл адамға су арқылы жұғатын ауру. Абырой болғанда соңғы 10 жылда, дерт біздің ел аумағында тіркелмеген. Десе де, жауаптылар ауыз су, ашық су қоймаларындағы судың сапасына мониторинг жүргізіп жатыр. Шекара да қатаң бақылауда дейді жауаптылар.