Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

10 спортшы допинг үшін спорттан шеттелді

Бұл туралы Ұлттық допингке қарсы орталық мәлімдеді.

Олар:

Токиода 2020 жылы өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Соннан метастерон сынамасы табылды, соның салдарынан ол 8 жылға спорттан тыс қалды.

Метастерон үшін ауыр атлеттер Алексей Дроздов, Аблай Әуелханов, Юлия Потассова, Руфина Чалкарова да 2026 жылдың 28 наурызына дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Сондай-ақ тағы бір ауыр атлет Карина Жүнісбаева канренон сынмасы үшін 2024 жылдың 21 қазанына дейін спорттан шеттетілген еді.

Жеңіл атлеттер Александр Савгуров пен Екатерина Грицай оксаладрон үшін 2025 жылдың 26-шы қазанына дейін спорттан шеттетілді.

Ал таеквондо шебері Жасүрбек Исрайловтан мельдоний сынамасы табылып, 2025 жылдың 18-ші қарашасына дейін спорттан тыс қалды.

Back to top button