Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

3 мыңнан аса әйел экоұрықтандыру арқылы бала сүйген

Былтыр 3010 әйелге сақтандыру есебінен ЭКҰ жасалды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елде «Аңсаған сәби» бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын экстрокорпоралды ұрықтандыру, яғни ЭКО процедурасына қаражат бөлінеді. 2022 жылдың соңында Алматыда 3,4 млрд теңгеге экстракорпоралды ұрықтандырудың 3010 процедурасы жасалды. Қазір қалада медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісім бойынша бұл қызметтерді жеті медициналық ұйым көрсетеді», — деді Тілеухан Әбілдаев.

Айтуынша, ЭКО процедурасы жоғары технологиялық медициналық қызметтерге жатады және қымбат. Бұрын бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылып келген.

«Алайда қаржыландыру мардымсыз болды, жылына 900-1000-ға жуық квота бөлінді. Ал 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, квоталар санын жеті есеге – жылына 7 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Процедура МӘМС қызметтерінің тізіміне енгізілген, сондықтан сақтандырылған пациенттер оны тегін өте алады»,- деп атап өтті спикер.

 

Back to top button