Атыраулық Ерұлан Қабдолов MMA бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сербия астанасы Белградта 11-18 ақпанда ересектер арасында ММА бойынша әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 60 елден 628 спортшы қатысты. Додада Қазақстан атынан ММА ұлттық құрамасының 33 мүшесі өнер көрсетті.
— Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 52,2 келі салмақта атыраулық спортшы Ерұлан Қабдолов сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Бұл Ерұланның әлем чемпионаттарындағы бесінші жүлдесі,- деді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.
Айта кетейік, осы ММА бойынша ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынды иеленді.