Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Түйе етінен жасалған консервілер Жанбай ауылында өндіріледі

Атырау облысында ауыл шаруалығы бойынша өндірілетін өнімнің тек шикізат күйінде қалмай, өңделіп, дайын өнім ретінде сатылуда. Мәселен, Исатай ауданы Жанбай ауылында «Нарын» атаумен ет пен шұжық өнімдері өңделіп, шығарыла бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс жоғары. Жанбай ауылындағы ет және шұжық өнімдерін шығаратын «Рыспай Құрасов» шаруа қожалығына қарасты «Темірлан» жеке кәсіпкерлігінде өнімнің оннан астам түрі дайындалады. Жақында жеке кәсіпкердің «Нарын» атты түйе етінен жасалған өнімі шығарыла бастады.

 Мұнда жартылай фабрикат өнімдері де бар. Сапа болған жерде сұраныс та артады, сондықтан тауар шығаруда тұтынушы талабына ерекше мән береміз. Шағын цехта ет және шұжық өнімдері дайындалады. Барлығы да отандық өнім. Жақында түйе етінен жасалған консервілер жасап шығардық. Сыртқы қалбырларды Алматыдан алғызамыз. Өнім дайындамас бұрын қалбырлар міндетті түрде залалсыздандырылады. Өнімді дайындағанда алдымен арнайы құрылғы арқылы етті кесіп, тұздап аламыз. Залалсызданған қалбырымыз дайын болғанда ет салынады. Әзірше тауар тек аудан көлемінде шығарылып жатыр. Болашақта облыс және өзге қалалардан сұраныс түссе, өнімді тарататын боламыз. Жеке даналап сатып алса 1000 теңге, көтерме сауда болса, бағасы одан төмен болады,— деді кәсіпкер Айнұр Сисекенова.

Оның айтуынша, алғашқы кәсібі 2020 жылы шағын дүкеннен басталған. Бұл жоба «Бизнес бастау» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Бүгінде жеке кәсіпкер цех ашып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Мұнда онға жақын адам қызмет етеді. Цех заманауи техникамен жабдықталған.

Back to top button