Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

1 күнде 650-ге жуық жүргізуші жол жүру ережесін бұзған

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті хабарлады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол жүрісі қағидаларының алдын-алу бағытында 20-24 ақпан күндері облыс аумағында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның бір күнінде жол жүрісі ережелерін өрескел бұзу бойынша 634 факті тіркелген.

Оның ішінде;
— тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару — 14;
— маневр жасау қағидаларын бұзу — 30;
— мас күйде көлік басқару — 5;
— басқару құқығы жоқ күйде көлік басқарған — 23 және басқару құқығынан айырылған күйде көлік басқару бойынша 2 факті анықталған.

Back to top button