Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атырау облысының әкімі ауыл тұрғындарымен кездеседі

Атырау облысының әкімі жұмыс сапарымен Жылыой, Мақат аудандарына барады. Облыс басшысы 22 ақпан күні сағат 10.00-де №23 орта мектептің мәжіліс залында Жаңа Қаратон кентінің тұрғындарымен кездесіп, кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды.

Сағат 16.00-де Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде Бәйгетөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездеседі.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

8(71237) 5-06-83 Жаңа Қаратон,
8(71239) 3-02-76 Бәйгетөбе ауылдық округінің телефон нөмірі арқылы қосымша ақпарат алуға болады.

Back to top button