ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қаңтарда қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 274,1 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленсе, оның 84,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 189,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 292 мың адам. Жалпы зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 82 878 теңге, базалық зейнетақы — 37 781 теңге», — делінген хабарламада.