Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыСпорт

Tartyl Fest турнирі жыл сайын өтетін болады

Елордада Tartyl Fest турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конгресс орталықта Tartyl Fest республикалық турнирі гранд-финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Жасы мен салмағына қарай 9 санат бойынша сынға түскен спортшылардың ішінде ең үздік өнер көрсеткен Мансұр Уалиев, Егор Ногин, Ілияс Мұкышев, Айбат Қапанов, Руслан Фатахов, Евгений Созончук, Руслан Касманов, Евгений Нам және Виталий Бибиков 3 млн теңгеден сыйақы алды.

«Бұқаралық спорт түрлерін дамыту – біздің негізгі мақсатымыз, міндетіміз. Мемлекет басышсы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен елімізде тұңғыш рет, елорданың төрінде Tartyl Fest атты спорт мерекесі өтті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырушы комитетпен бірлесіп бұл жобаны міндетті түрде жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдырады деген ұсыныс білдіргім келіп отыр. Болашақта бұл жобаны қолдай отырып, бұқаралық спорт түріне мыңдаған жасөпірім келеді деп сенеміз», — деді министр.

Back to top button