Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

2023 жылдың 16 ақпан күні Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне  Индер ауданы Индербор кентінен қыстақтардың біріне бағыт алып, шамамен 30 шақырым қашықтықта «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөліктің қар құрсауына батып шыға алмай қалғаны туралы шақыру түскен.

Атырау облысы ТЖД Индер ауданы ТЖБ және ӨСБ қызметкерлері дереу авариялық-құтқару жұмыстарына кіріседі. Төтеншеліктер жолаушыларға жол талғамайтын техникамен көмекке келіп, құтқарылған 4 адамды Индербор кентіне аман – есен жеткізеді. Құтқарылған жолаушылар медициналық көмекті қажет етпеді, жағдайлары қалыпты.

Back to top button